Мәзір құрамы принтер үлгісіне қарай әртүрлі.
Сенсорлы экранды үлгілерде белгішені тікелей принтер экранынан таңдаңыз.
Сенсорлы емес экранды үлгілерде көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз. Артынан OK түймесін басыңыз.
Принтердің ток көзіне қосылып, жұмысқа дайын екенін тексеріңіз.
Принтерге өтіп, үлгісіне қарай төменде берілген әдістердің біреуі арқылы Wi-Fi желісін орнату мәзіріне кіріңіз.
белгішесін таңдаңыз.
Wi-Fi Setup (Wi-Fi орнату) тармағын таңдаңыз.
, содан кейін Wi-Fi Setup (Wi-Fi орнату) тармағын түртіңіз.
Wi-Fi Setup Wizard (Wi-Fi орнату шебері) тармағын таңдаңыз.
SSID атауыңызды таңдаңыз.
SSID - Wi-Fi желісінің атауы. Тізім сигнал күштілігі бойынша сұрыпталған.
Түймелер немесе принтердің басқару тақтасындағы көрсеткі пернелері арқылы SSID құпия сөзін енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
Құпия сөз регистрге сезімтал. Құпия сөз үлкен және кіші әріптерден, сандардан тұруы керек.
Сенсорлы емес экранды үлгілерде таңба енгізу туралы қосымша ақпаратты төмендегі сілтемеден қараңыз.
Принтерде растау экраны көрсетілсе, төмендегі 7-қадамға жеткенше экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Принтер үлгісіне қарай, желі байланысы растау экранын көрсетпей-ақ орнатыла береді.
Аяқталу туралы хабарының көрсетілуі Wi-Fi желісін орнату процесінің аяқталғанын білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ:
Желі байланысын тексеру есебін басып шығару үшін, принтерге кәдімгі қағазды салып, СК экранындағы нұсқауларды орындаңыз. Қағаз салу туралы мәліметті құжаттамадан қараңыз.
Егер Wi-Fi желісін орнату процесі сәтсіз аяқталса, төмендегі сілтемені басыңыз.
Wi-Fi байланысын тексеру үшін төмендегі сілтемені басыңыз.